Президент "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңға қол қойды

Президент "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңға қол қойды

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заңға қол қойды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Наурыз 2007
  • 1876
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бухгалтерлік есеп туралы заң жобасында «бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттеудің қазіргі жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізіледі. Ондағы мақсат — бухгалтерлік есеп саласына өзін-өзі реттеу элементтерін енгізу және саланы ретке келтіру.

Атап айтсақ, заң жобасының нормаларында қаржылық есеп беру стандарттарына міндетті түрде қолданылатын құқықтық-нормативтік акт мәртебесін беру қарастырылған. Сонымен бірге заң жобасында республика заңнамаларының қаржылық есеп беру жөніндегі халықаралық стандарттар талабына қайшылығы бар-жоқтығына алдын-ала талдау жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесіне консультативтік орган қамтылмақшы. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік мекемелердің, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы кәсіби ұйымдар мен аудит мамандары енеді. Консультативтік органға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы құқықтық-нормативтік актілердің жобасын жасауға атсалысу құқығы беріледі.

Сонымен бірге президент «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру салалары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қосалқы заңға да қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті