Жарияланды: 400

Президент екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады - Кәрім Мәсімов

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі республика премьер-министр Кәрім Мәсімовтың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың кепілді салымдарының деңгейін 5 миллион теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Қаржылық жүйені қолдаудың және іскерлік белсенділікті дамытудың келешектегі жолдары туралы Елбасы қосымша мәлім етеді. Қазақстанның қаржылық жүйесі төзімді және біз өз еліміздің одан әрі дамуының нақты жолын анықтадық",- деп мәлімдеді К. Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін