Президент еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін 2006-2007-жылдарда дамыту бағытында бірнеше мақсаттар қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін 2006-2007-жылдарда дамыту бағытында бірнеше мақсаттар қойды

Президент еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін 2006-2007-жылдарда дамыту бағытында бірнеше мақсаттар қойды

Бүгін, 31-қаңтарда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен әкімдердің алдына 2006-2007-жылдарға арнап бірқатар мақсаттар қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қаңтар 2005
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуымен қатар рентабельділікті, еңбек өнімділігі мен ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға кедергі келтіретін тауқымет көп»,- деді президент. Атап айтсақ, Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстанның ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропадағымен салыстырғанда бес есе төмен, деді Н.Назарбаев.

Осыған байланысты президент республика үкіметіне еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытуға бағытталған бағдарлама жобасын жасауды тапсырды. Мемлекет басшысының пайымдауынша, өнім өңдеуші секторды ынталандыруға бағытталған шаралар кешенін жобалау қажет. Н.Назарбаевтың айтуынша, «бұл саланы ынталандыру үшін салық жеңілдіктерін көрсетуге немесе жеңілдетілген шартпен түрлі несиелер беруге мүмкіндіктер бар. Ал мемлекеттік субсидиялар енді болмайды»,- деді президент.
Елбасы сондай-ақ, басты мақсаттардың бірі ретінде «ауылшаруашылығын дамытуда кластерлік даму саясатын пәрменді пайдалануды» атады. Н.Назарбаевтың пікірінше, «келешегі зор деп саналған салалық жеті кластердің арасынан азық-түлік және тоқыма өнеркәсіптері ауылшаруашылығымен тығыз байланысты».
Отандық кәсіпорындар халықаралық стандарттарға тез арада көшуі қажеттігін Елбасы айрықша атап көрсетті. Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін еліміз үшін Шығыс Еуропа, Ресей және Украинаның артықша сапалы және арзан өнімімен бәсекелесуге тура келеді, деді Н.Назарбаев. Елбасы «бұл мәселемен жан-жақты айналысуды және халықаралық стандарттарға көшу бағытында кешенді жоспар жасауды» ауылшаруашылығы министрлігіне міндеттеді.
Н.Назарбаев сондай-ақ отандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге «өнімдерін өткізетін рынокқа шығу және өңдеуші кәсіпорындармен байланыс орнату» мүмкіндігін қамтамасыз етіп беру туралы да мақсат қойды.
Президент республика үкіметін «отандық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге несие таратудың тиімді жолдарын қарастыруға» шақырды. Соның ішінде «ауылшаруашылығын қолдау қоры бойынша берешектерді қайта құрылымдау мәселесін ойластыру қажет»,- деп пайымдайды президент.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, «Қазпоштаның жұмысын пәрмендендіріп, ауылдық жерлерде көрсетілетін банк қызметтерінің санын арттыру қажет. Әсіресе тұтынымдық несиелер мен шағын несиелер санын көбейткен жөн».
Елбасы сонымен бірге үкіметке ауылшаруашылығы техникасын жаңалау, ауылшауаршылық ғылымы мен ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шаралар кешенін жобалау жөнінде тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта