Президент еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды

Президент еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды

22-23-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды.

  • 20 Қазан 2003
  • 378
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 22-қазан, сәрсенбіде мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына келеді. Шымкентте Елбасы «Южполиметалл» ЖАҚ-да болып, осындағы жаңа Спорт сарайының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сайрам ауданына ат басын тіреп, Өзбек театрының ашылуына қатысып, өлкедегі тарихи орындарды аралайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, президент облыс атқамінерлерімен кеңес өткізіп, онда 2003-2005-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қаралмақшы.
23-қазанда Елбасы Жамбыл облысына барады. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев Амангелді газ конденсаты кенішіндегі магистралдық газ құбырының ашылуына қатысады. Сондай-ақ, презиент жер сілкінісінен зардап шеккен Құлан ауылындағы нысандарды аралап, Луговой ат зауытында болады.

Соңғы жаңалықтар