Президент еліміздің таңдаулы қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент еліміздің таңдаулы қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Президент еліміздің таңдаулы қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бүгін, 13-желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірқатар таңдаулы қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 615
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев мараппаттау рәсімі еліміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік күніне арналғанын айтып, той қарсаңында » әр салада еңбегімен ерекшеленіп, айтулы жетістіктерге жеткен республика азаматтарын мемлекетіміздің жоғары наградаларымен марапаттау дәстүрге айналып, жыл қорытындысы шығарылуда»,- деді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл әр саладағы жетістіктері үшін еліміздің 475 адамы түрлі мемлекеттік орден, медальдармен марапатталды. Атап айтсақ, республикамызға сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Астана қаласының әкімі Темірхан Досмұханбетов, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов, Бас прокурор Рашид Түсіпбеков екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Парасат» орденімен елімізге белгілі ғалымдар — А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының директоры Еділ Ерғожин, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Әбдуәли Хайдаров, Алматы қаласының Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Карл Байпақов, «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының міндетін атқарушы Аманкелді Ермегияев, Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев, көп профильді Қ.Нұрғалиев атындағы орта мектептің директоры Талант Нұрғалиев, Халықаралық «Бизнес» университетінің президенті Кенжеғали Сағадиевтің еңбектері атап өтілді.
Ал екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен Қорғаныс министрлігінің орталық армия спорт клубының бастығы — спорт комитетінің төрағасы Павел Новиков, Н. әскери бөлімінің командирі Дәулет Сәтқожин марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары Владимир Божко, Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының есірткімен күрес жөніндегі аға жедел өкілі Нұрлан Қадымовқа екінші дәрежелі «Айбын» ордені берілді. «Құрмет» орденімен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының президенті Ерлан Атамқұлов, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Ғайникамал Байқошқарова, Ақмола облысы Жақсы ауданының «Белағаш» ЖШС-інің директоры Виктор Герднер, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов, Индустрия және сауда министрлігінің комитет төрағасы Қайсар Омаров, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас дирижері Ринат Салаватов және ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков пен Президент протоколының бастығы Жансейіт Түймебаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ал жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері Қойшығара Салғараұлы және осы университеттің профессоры Ақселеу Сейдімбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді.

Соңғы жаңалықтар