Президент Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияда ерлік көрсеткен әскерилерді марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияда ерлік көрсеткен әскерилерді марапаттады

Президент Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияда ерлік көрсеткен әскерилерді марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

  • 14 Сәуiр
  • 8
Фото: Қорғаныс министрлігі

Президент әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгершілік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталды:

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен

Айыпов Жігер Мұратұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының басқарма бастығы;

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен

Аппазов Сухраб Тохтыкожаевич – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері –оқытушысы

Кәмен Бауыржан Қасымұлы – Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі инженерлік батальонының штаб бастығы

Қасымов Мақсат Сейілханұлы – Қорғаныс министрлігі 99230 әскери бөлімінің офицері

Мырзанұлы Аллаберген – Қорғаныс министрлігі 74884 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының командирі

Сабыржанов Есен Елшатұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі барлау-шабуылдау (арнайы мақсаттағы) ротасының командирі

Сейдалин Руслан Жәнібекұлы – Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен

Мамырханов Біржан Еркінғазыұлы – Қорғаныс министрлігі 30217 әскери бөлімі танк батальонының сержанты;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Ағыбай Абылай Ержанұлы – Қорғаныс министрлігі 32388 әскери бөлімінің бөлімше командирі

Әкімов Самат Асанжанұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының нұсқаушы-сержанты

Дәулетов Рафик Мәжитұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының ауысым бастығы

Еркінов Дархан Еркінұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі

Кәрібаев Саян Қуантайұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының командирі

Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (жарғышы)

Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының офицері

Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (мергені)

Нұрымов Серік Асқарұлы – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Барлау бас басқармасы әскери атташесінің орынбасары

Сисатов Азамат Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы

Төкенов Ұлан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің аға офицері (таудағы даярлық жөніндегі нұсқаушысы)

Тіленшинова Сәния Қалымқызы – Қорғаныс министрлігі 44973 әскери бөлімінің аға маманы (аға радиотелефонисі).

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы аясында (UNDOF) Сирияның Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралды.

Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағын еліміздің қорғаныс министрлігі, қарулы күштер ардагерлері мен қызметтестері ресми түрде қарсы алған еді.

“Бұл миссия тұрақсыз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бойынша халықаралық күш-жігердің ең маңызды бөлігі болды. Сіздердің еңбектеріңіз елеусіз қалған жоқ және Қазақстанның халықаралық аренада жауапты әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі беделін одан әрі нығайтуға негіз болды. Қызметтеріңіз үшін, жауынгерлік тапсырманы орындағандарыңыз үшін, ауыр кезеңдерді бастан өткеріп жатқан адамдарға көмектескендеріңіз үшін алғыс айтамын”, – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.