Президент халықаралық келісімдер туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент   халықаралық келісімдер туралы  заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Президент халықаралық келісімдер туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Халықаралық келісімдер туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Наурыз 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, халықаралық келісімдер туралы заңға өзгеріс енгізу туралы бастаманы депутат Сергей Киселев көтерген. Оның пайымдауынша, 2005-жылдың мамыр айында қабылданған «Халықаралық келісімдер туралы» заңда қарама-қайшы нормалар бар. Мәселен, заңның 20-бабы, 2-тармағында айқындалғанындай, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері Қазақстан заңдарына қайшы келген жағдайда халықаралық келісімдерді өзгерту, әсерін тоқтату немесе қызметін мүлдем доғару керек. Ал бұл Қазақстан Республикасы Ата заңының 4-бабы, 3-тармағына қайшы келеді, өткені, онда республика бекіткен халықаралық келісімдер ішкі заңнамадан артықшылықта болады деп көрсетілген.

Осыған байланысты депутат заңның 20-бабы, 2-тармағын мынадай мәтінмен бекітуді ұсынған: «Қазақстан Республикасы халықаралық келісімді бекіткеннен кейін қабыланған құқықтық-нормативтік актінің құзыры осынау халықаралық келісімге қол қоюға қатысты пайда болатын құқықтық қатынастардың аталмыш халықаралық келісімге қарама-қайшы келетін тұстарына жүрмейді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті