Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Аzattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Ең алдымен, осы кеселден қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын»,- деді ол.
Сондай-ақ, Президент форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
«Мен «Халық алғысы» атты арнайы медаль тапсыруды ұйғардым. Бұл – осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған жаңа мемлекеттік марапат. Осы медаль нағыз Отаншыл жандарға тапсырылады деп сенемін.
Бүгін «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапаттаймыз»,- деді Президент.