Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

  • 25 Ақпан 2025
  • 3
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.