Президент латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан - Латвия бизнес-форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мен сіздерді озық технологиялар мен басқару үлгілерін әкеліп, Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің елімізді Орталық Азияға, Қытай мен Ресейге шығатын база ретінде қарастыруға шақырамын", -деді Н. Назарбаев.
Президент бүгінгі күні "Қазақстанда Латвия компанияларының қатысуымен құрылған 44 кәсіпорын, Латвияда - Қазақстан капиталының қатысуымен құрылған 33 кәсіпорын бар екенін" айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін