Президент латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Президент латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Қазақстан латын графикасына кезең-кезеңмен ауысады. 

  • 3 Маусым 2020
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Қазақстанның кирилл әліпбиінен латынға көшіру процесі туралы сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев жауап бере отырып, бұл процесті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру концепциясы аясында бастамашылық еткенін атап өтті. Сондай-ақ ол латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты болатынын, орыс тілінің жағдайына еш әсер етпейтінін қосты.

"Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр.

Сондай-ақ, біз латын жазуына кезең-кезеңмен, асықпай, орталықазиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып көшеміз. Себебі әңгіме тек кирилл графикасынын латынға ыңғайлап қою да емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы болып тұр. Мұнымен қоса, қазақ әдебиеті классикасының барлық дерлік маңызды шығармасы кирилл графикасымен жазылғанын ұмытпау керек. Қазақтың бірнеше ұрпағы кирилл жазуымен білім алды және алып жатыр. Сондықтан асықсақ үлкен іске кедергі болады, бұл іске парасатпен қарау керек",
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ деген пікір айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар