«Үкімет, облыстар мен Астана және Алматы қаласының әкімдері облыстар экономикасының еңбек ресурстарына деген сұранысын болжау және мониторинг жасау жүйесін жолға қоюы қажет, бұл барлық деңгейдегі бюджеттердің өндірістік емес шығындарын, халық пен мекемелердің кәсіби білім игеру мен жұмысқа машықтану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», — деді президент. «Бұл мамандар тапшылығының алдын алуға жағдай жасайды», — деді Н.Назарбаев.
«осы жұмыстардың оң нәтижесін біз таяу жылдарда байқаймыз деп ойлаймын. Бірақ бұл жерде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің жақын ынтымақтастығынсыз іс ілгерілемейді. Біз Қазақстан экономикасының қазіргі және болашақ сұраныстарына бағытталған бәсекеге қабілетті еңбек нарығын қалыптастыруға бірлесе баруға тиіспіз», — деді мемлекет басшысы.
«Отандық мамандар әлеуетін қалыптастырып тәрбиелеу — жалпы мемлекеттік мақсат, әрқайсымыздың — парызымыз», -деді Елбасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті