Президент Назарбаев Құрманғазы кеніші бойынша бүгін қол қойылған өзара өнім бөлісу туралы келісімді "теңдесі жоқ келісім" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Назарбаев Құрманғазы кеніші бойынша бүгін қол қойылған  өзара өнім бөлісу туралы келісімді "теңдесі жоқ келісім" деп атады

Президент Назарбаев Құрманғазы кеніші бойынша бүгін қол қойылған өзара өнім бөлісу туралы келісімді "теңдесі жоқ келісім" деп атады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы кеніші бойынша бүгін, 6- шілдеде қол қойылған өзара өнім бөлісу туралы келісімді "теңдесі жоқ келісім-шарты" деп атады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қазақстан және Ресей президенттерінің бағалауынша, Құрманғазы кенішіне жұмсалған инвестициядан 50 млрд. доллар көлемінде пайда түседі деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Құрманғазы құрылымын «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен Ресейдің «Роснефть» мұнай компаниясы бірлесе игеруге келіскен. Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бұйрығымен екі компания да 2002-жылы Құрманғазы жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар ретінде анықталған.
«Роснефть» бірлескен жобаның 25 проценттік үлесін, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ 50 проценттік үлесін иемденсе, қалған 25 процентін опцион бойынша Ресейдің «Зарубежнефть» компаниясы сатып алған.
2003-жылы бұл жобаға қатысуға ниет білдірген көптеген компаниялар арасындағы тендер қорытындысы бойынша «Total Қазақстан» компаниясы ең таңдаулы нәтижелер көрсетті.
Құрманғазы құрылымынан алынатын болжамды мұнай қоры шамамен 1 млрд. тоннаны құрайды. Оны барлау жұмыстарына 2 жыл, ал бағалау және коммерциялық ашылуын жариялауға 3 жыл, кенішті жайластырып өнім өндіре бастауға 4-5 жыл сарп етіледі деп күтілуде. Көмірсутегі шикізатын коммерциялық мақсатта өндіру тек осыдан кейін ғана басталады.
Құрманғазы кенішін игеруге 23 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсалады. Бұл жоба аясында жыл сайын 60 млн. тонна мұнай өндіру көзделген.
Құрманғазы құрылымындағы екі ұңғыны бұрғылау, 2D сейсмикалық жұмыстары мен бағалауды қамтитын бастапқы бағдарламаны жүзеге асыруға 50-70 млн. доллар қажет. Қаржыны әріптестер тең бөліп шығарады.
Кенішті игеру мерзімінде еліміздің түрлі деңгейлі бюджеттеріне 31 млрд. доллар қаржы құйылмақ.

Перейти к новостям спорта