«Осыдан жеті жыл бұрын берген уәделерімді мерзімінен бұрын толық орындап шықтым деп нық сеніммен айта аламын»,- деді мемлекет басшысы.
«Осы жылдарда біз экономикалық өсімге қол жеткіздік»,- деді ол. Президенттің айтуынша, «Жалпы ішкі өнім мөлшері 75 процентке, мемлекеттік бюджет түсімдері 4 есе, сыртқы сауда айналымы 4 есе, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 3 есе (1999-жылы 1139$ болса, 2005-жылы 3440$), биылғы жылы қазақстандықтардың ақшалай кірісі 2000-жылғымен салыстырғанда 3 есеге өсті».
«Қазақстан дербес, қарқынды дамушы әрі әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде танылды»,- деді Н.Назарбаев. «Біз Қазақстанды өз күшімізбен өзгерттік, Қазақтанда су жаңа экономика мен жаңаша саясаттың негізін салдық, біз басқа елдер үшін даму мен гүлденудің үлгісіне айналдық»,- деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев 1999-жылдың қаңтар айында бүкілхалықтық тікелей сайлауда 7 жылға президент болып сайланған.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті