Президент Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Президент Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz

Бұл нысан бір кездері Есілдің оң жағалауы мен сол жағалауын жалғаған жалғыз көпірдің орнында қайтадан салынып отыр. Ұзындығы 240 метрден астам, ені — 25 метр болатын көпір құрылысында қазіргі заманғы технологиялар кеңінен пайдаланылған. Ол халықаралық стандарттарға толық жауап береді. Арғы-бергі екі бағытта бұл көпірден тәулігіне шамамен 6 мың автокөлік қатынайтын болады.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде жаңа көпір жол қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік беретінін және барлық елорда тұрғындары үшін өте маңызды нысан болып табылатынын атап өтті.

«Таяу жылдары Астанада 30 мың орындық стадион, велотрек пайдалануға беріліп, бірнеше көпірдің, өтпе жолдардың құрылысы, жүздеген шақырым жаңа автокөлік жолдары салынады», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Көпірдің ашылуы — Тәуелсіздік күні қарсаңында елордаға тарту етілген тамаша сый болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар