Президент Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Южполиметалл" ЖАҚ-да болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Южполиметалл" ЖАҚ-да болды

Президент Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Южполиметалл" ЖАҚ-да болды

Бүгін, 22-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасайтын жұмыс сапарын "Южполиметалл" ЖАҚ-ын аралаудан бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қазан 2003
  • 889
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы зауыт ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның болашақ даму мақсаттары туралы әңгіме-дүкен құрды. Кәсіпорынның бас металлургы Сейітбек Болатбеков Елбасынан висмут өндіру проблемасын шешуде қолғабыс жасауын өтінді. Оның айтуынша, зауыттың таза висмут өндіруге мүмкіндігі толық, алайда, шикізаттың жоқтығынан оны жолға қоя алмай отыр. «Южполиметалл » тарапынан бірдей баға ұсынылғанына қарамастан осындай шикізат беруші «Қазмырыш» АҚ оны шетелдерге жөнелтуде. Н.Назарбаев бұл мәселені шешуге жәрдемдесетінін айтты.

Мырыш өндіретін цехта «Южполиметалл» ЖАҚ-ның президенті Тұрсынбек Асанбаев мемлекет басшысына қорғасын зауытының қалдықтарынан мырыш шығарып алуға бағытталған технологиялық процесспен таныстырды. Осы орайда өндіріс технологиясын жеттік білетінін байқатқан Елбасы бірнеше ескертпелер жасап, өз қолымен мырыштың үш құймасын құйып шығарды.
Бұдан кейін Н.Назарбаев облыстағы спорт сарайының салтанатты ашылуына қатысты. Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Сайрам ауданына барып, 2003-2005-жылдарға арналған мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне орай облыс атқамінерлерінің кеңесіне қатысты.
Ал кешкісін президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына ат басын бұрады.

Соңғы жаңалықтар