Президент Орталық Азия елдерін қорғаныс саясатында бірлесіп әрекет етуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Орталық Азия елдерін қорғаныс саясатында бірлесіп әрекет етуге шақырды

Президент Орталық Азия елдерін қорғаныс саясатында бірлесіп әрекет етуге шақырды

Қазақстан шекараның тұтастығына қол сұқпау қажет деген ұстанымынан айнымайды.

  • 8 Тамыз
  • 13
Фото: Ақорда

Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған мақаласында айтқан, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар іргелес жат­қан аймақтарда да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – ұзақ мерзімге арналған өркендеу мен дамудың маңызды алғышарты. Қазақстанның сыртқы саяса­тындағы басым бағыттың бірі – тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу. Біз әрдайым «Бейбітшілік бәрінен қымбат» деген қағиданы ұстанамыз. Қазақстан әлем қоғамдастығының жауапты мүшесі ретінде халықаралық құқық қағидаттарын қатаң сақтау, егемендікті құрметтеу және шекараның тұтастығына қол сұқпау қажет деп санайды. Қазақстанның бұл пайымымен келісетін елдер аз емес деп сеніммен айта аламын. Көптеген елдің ұстанымдары бір-біріне ұқсайды. Оның бәрі әділ әрі болжауға болатын әлемдік тәртіп орнатуға негізделген. Бұл ұстаным қазіргі беймаза заманда бола­шақ туралы сындарлы көзқарас қалыптастыруға жол ашады», — деп жазады автор.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өңірдің маңында күрделі әскери-саяси ахуал сақталып тұрғанын еске салады.

«Орталық Азияның айналасында күрделі әскери-саяси ахуал сақталып отырған қазіргі жағдайда қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласында бірлесе әрекет жасау қажеттігі туындайды. Өңірлік қауіпсіздік жүйесін құру, оның ішінде Орталық Азияның қауіпсіздігіне байланысты сын-қатерлер тізімін және оның алдын алу шараларын әзірлеу мәселесі өте өзекті. Орталық Азияда біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру, бұ­рын­нан бар және жаңадан пайда болған қауіп-қатерлерге қарсы күресуге қатысты негізгі түйткілдерді шешетін кешенді тәсілдер қарастыру, олардың алдын алу және қатерлер туындаса қолға алынатын шараларды ойластыру, сондай-ақ БҰҰ-мен және осы саладағы басқа да халықаралық, өңірлік ұйымдармен белсенді ықпалдастық орнату аймақтағы мемлекеттердің ең басты басымдықтары саналады», — дейді Мемлекет басшысы.