Заңға өзгерістер енгізуге Бюджеттік кодекстің нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар себеп болған. Атап айтсақ, кодекстің қазынашылық мекемелерінде агенттің өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған қаржы сақталатын арнаулы есепшотын ашу мен оған қызмет көрсету туралы бөліміндегі қайшылық түрткі болды.
Жаңа заң жобасында агенттің есепшотын Ұлттық банкте ашу көзделген. Ондағы қаржы сақтандыру компаниялары төлемдерінің бір бөлігін өтеп беруге бағытталады.