Президент Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа біріктіру туралы хаттаманы бекітетін заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа біріктіру туралы хаттаманы бекітетін заңға қол қойды

Президент Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа біріктіру туралы хаттаманы бекітетін заңға қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Президент “Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-ты құру туралы 2000-жылғы 10-қазандағы келісімге біріктіру жөніндегі хаттаманы бекіту туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2006
  • 376
Фото - Caravan.kz

“Бұл хаттаманың жобасы Өзбекстан Республикасы ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке өту туралы өтініш жасауға байланысты жасалып қол қойылды”,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Бұл хаттамада Өзбекстанды аталмыш ұйымға мүшелікке қабылдауға байланысты ЕурАзЭҚ органдарының шешім қабылдауына және қоғамдастықтың бюджетін қалыптастыру және пайдалануға байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.

Екі хаттамаға да 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері енеді.

Перейти к новостям спорта