Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Ел мақтаныштары ыстық ықылас пен зор құрмет, қошемет әбден лайық!

  • 16 Қыркүйек
  • 6
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич І дәрежелі «Барыс» орденімен, Науатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали «Парасат» орденінің кавалерлері атанды.

«Құрмет» орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды.

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені, 7 адамға «Құрмет» ордені берілді.

Сонымен қатар екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.

Париж төрінде еліміздің көк байрағын көкке желбіреткен еліміздің мақтаныштарына осындай құрмет көрсетіліп жатқаны өте орынды.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиадада ең жоғары наградалардың рекордтық санын – тоғыз медальді жеңіп алды. Оның ішінде: 2 алтын, 3 күміс, 4 қола. Бұндай жоғары көрсеткіш бұрын-соңғы Паралимпиада спорт тарихында болған жоқ. Қазақтың қайсар ұлдары мен қыздары өзгелерден оқ бойы озық тұрды. Өмірдің сынағына мойымайтын жандар бізге физикалық шектеулер халықаралық деңгейдегі биік белестерді бағындыруға кедергі емес екенін дәлелдеп берді. Ел мақтаныштары ыстық ықылас пен зор құрмет, қошемет әбден лайық!