Президент пен ҰҒА-ның президенті еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент пен ҰҒА-ның президенті еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады

Президент пен ҰҒА-ның президенті еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрыновты қабылдап, еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Қазан 2006
  • 410
Фото - Caravan.kz



«Ұлттық ғылым академиясы қазір батыстың үлгісіндегі жаңа модельмен дамып келеді. Оның басты ерекшелігі — ҰҒА әкімшілік жұмыстармен шұғылданбайды, тек қана шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол үш бөліктен тұрады. Біріншісі — ғылымның мемлекетке тиімді жолдары талқыланатын Ұлттық баяндама әзірлеу, екіншісі- ғылыми жетістіктерді насихаттап, жастарды ғылымға тарту. Үшінші әрі ең басты міндеті ғылыми жобаларға сараптама жасау», деді М. Жұрынов мемлекет басшысының қабылдауынан кейін журналистерге арналған брифингте.

Перейти к новостям спорта