Президент қаржы рыногын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қатысты заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент қаржы рыногын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қатысты заңға қол қойды

Президент қаржы рыногын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қатысты заңға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қаржы рыногын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Шiлде 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енгізілген өзгерістер арқылы сақтық қорының мөлшерін 20 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Ұлттық банк 20 млрд. теңгеге дейін сақтық қорын құру үшін банктің бір жылда тапқан таратылмаған кірістерін арнауды ұсынады. Сақтық қоры толық құрылғаннан кейін қалған Ұлттық банктің таза кірісін республикалық бюджетке аудару ұсынылып отыр.

Ал шығындардың көлемі сақтық қор мөлшерінен артып кеткен жағдайда орны толтырылмаған шығынды республикалық бюджет есебінен өтеу қарастырылды. Бюджетке жасалатын аударымдар мен шығындарды бюджет есебінен өтеуді Ұлттық банк бір жылдан кейін жүзеге асыруды ұсынады. Өйткені, банктің жұмыс қорытындысы республикалық бюджет қалыптасып, бекітіліп қойғаннан кейін, жылдың екінші тоқсанында бекітіледі.
Сонымен бірге түзетулерде банктердің резервтік талаптарға бағыну жағдайын қадағалау құқығын ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен алып Ұлттық банкке беру ұсынылған.