Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан ауқымды саяси өзгерістердің алдында тұрғанын, мұндағы республикалық референдум күні жаңа есеп нүктесі болатынын атап өтті. Түзетулер мемлекет жұмысының негізгін қалаушы қағидаттарына әсер етеді, бұл сарапшылардың алдына елдің ішкі саяси жүйесін дамытудың негізгі контурларын құруға тырысу міндетін қояды. Жаңартылған мемлекеттік құрылым жүйесі тап болатын ықтимал тәуекелдер мен сын-тегеуріндерді де қарастыру маңызды.
Дөңгелек үстелдің бірінші сессиясын аша отырып, Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев жүргізіліп жатқан саяси трансформацияның арқасында суперпрезиденттік республика моделінен біртіндеп алшақтау үшін жағдайлар жасалатынын атап өтті.
«Орталық Азия елдерінде суперпрезиденттік билік форматы идеясы айтарлықтай маңызды. Егер біз Қазақстан туралы айтатын болсақ, онда суперпрезиденттік билік моделі 2000-шы жылдардың басынан бастап пайда болды және әдетте, 1995 ж. Конституциямен байланыстырылады. Қазір ұсынылып отырған Конституцияға енгізілетін түзетулерді одан әрі президенттік республиканың классикалық нұсқасын ресімдеуге алып келетін қадамдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады» — деп атап өтті спикер.
Рустам Бурнашев мемлекет басшысының өкілеттіктерін шектеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қиындықтарға шарасыз тап болатынына дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын аударды: «Құрылған жүйені өзгерту әжептәуір қиынға соқпақ. Егер біз Қазақстанның тарихына жүгінетін болсақ, онда биліктің суперпрезиденттік моделін трансформациялаудың алғашқы талпынысы 2017 жылы қабылданғанын көреміз. Дәл сол кезде президенттің өкілеттігін шектейтін Конституцияға түзетулер қабылданған».
«Сонымен бірге, қолданыстағы билік моделінен кенеттен бас тарту көптеген қиындықтар мен қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін. Заңды нормаларды қабылдау ғана емес, оларды орындау тәжірибесі де үлкен маңызға ие болады», — деп түйіндеді сарапшы.
Пікірталасты «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ басшысы Гүлмира Илеуова жалғастырды.
Әлеуметтанушының пікірінше, саяси қайта құрудың жарияланған бағдарламасын іске асыру мерзімі туралы мәселе саяси реформаның өте маңызды факторы болды. «Сарапшылардың көпшілігі барлық қажетті саяси реформаларды жарты жыл ішінде жүргізу керек деп отыр. Бұл ретте қысқа мерзімді перспективада сайлау туралы заңнаманы, сайлау жүйесін, партияларды қалыптастыру жөніндегі заңнаманы, парламент палаталарының жұмысын қалыптастыру негіздерін, қоғамдық бірлестіктер заңнамасын, жергілікті өзін-өзі басқару заңнамасын реформалау маңызды» — деп атап өтті сарапшы.
«Стратегия» ҚҚ жүргізген социологиялық өлшеулерді негізге алсақ, референдумға шығарылатын реформалар саяси жүйені жаңғырту жөніндегі сарапшылық қоғамдастықтың ұсыныстарымен сәйкес келеді: «Президенттің билеуші партияның басшысы қызметінен кетуі сарапшылардың пікірінше елдің ішкі саяси өрісін сапалы өзгерту үшін қабылдануы тиіс топ-5 қадамға кіреді. Осы қадамдардың ішінде жаңа партияларды тіркеу жөніндегі бастамалар, сайлау компаниялары барысында бұзушылықтар жасағаны үшін атқарушы билік өкілдерін қылмыстық қудалауды енгізу, партияларды тіркеу үшін мүшелер санына шектелімді төмендету, Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесінен бас тарту да бар».
Жалпы алғанда, Илеуова пікірінше қазіргі уақытта Мемлекет басшысының ең маңызды саяси ресурсы – электораттың сенімі бар, бұл референдум нәтижелеріне әсер етеді деп қорытындылады.
Дөңгелек үстелдің екінші сессиясы барысында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев тиімді партиялық жүйе жаңа Қазақстанды қалыптастырудың негізгі жүйелі элементтерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
«Саяси партиялар тек түрлендіру элементі ғана емес, сонымен қатар билік қатынастарының элементі болып табылады. Олар қалаулы топтың айналымын қамтамасыз етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау бағытын жариялаған болатын. Ал саяси бәсекелестік — бұл тиімді партиялық жүйенің сипаттамасы», — деп сарапшы өз пікірін білдірді.
Юрий Булуктаев жаңа партиялар туралы заңнаманы ырықтандыру елдегі саяси процестерді сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті: «Қазақстан 2019 жылдан бастап саяси партиялар туралы заңнаманы олардың тіркелу шегін 40-тан 20 мың мүшеге дейін төмендету арқылы өзгертіп үлгерді. Референдумнан кейін шекті 5 мың мүшеге дейін төмендету белгіленген. Қазірдің өзінде жиырмаға жуық жаңа партияны тіркеуге бастама жарияланды. Олардың үшеуі тіркеудің бірінші кезеңінен өтті».
Экономист және саясаттанушы Петр Своик өз сөзінде үлкен өкілеттіктерге ие болған Парламент Президенттің келесі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жоспарларында тірек болуы керек екенін атап өтті. «Президентке, атап айтқанда, еуразиялық кеңістікте қалыптасатын сын — қатерлерге талапқа сай реакциясына сүйенуге болатын Парламент болғаны дұрыс болар еді», — деп сарапшы өз көзқарасын білдірді.
Саяси алаңда жаңа партиялар пайда болғаннан кейін Парламенттің өзгеру перспективаларын бағалай отырып, Перт Своик саяси жүйенің тұрақтылығын сақтау қажеттілігін атап өтті.
«Өзінің тиімді жұмысы үшін Парламенттің үш «полюсі» болуы керек. Бірінші тірек либералды-ұлтшылдық бағыттағы партия болуы керек. Екіншісі — «Аманат» партиясы атынан «алтын орта» деп аталатын ортақ әлеуметтік-экономикалық күн тәртібін көрсету. Менің ойымша, еуразиялық бағыттағы партия жетіспейді», — деп түйіндеді сарапшы.
Спикерлердің сөйлеген сөздерінен кейін өткен пікірсайыс барысында қатысушылар елдегі ішкі саяси процестерді одан әрі дамыту перспективаларына қатысты пікір алмасты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысын қорытындылай келе, ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев алдағы референдумның, сондай-ақ кейінгі саяси және заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын тағы да атап өтті.
«Саяси жүйенің қазіргі қайта құрылуы елдің партиялық өрісі қалай құрылатынын, Президенттің Үкіметпен және Парламентпен қалай өзара іс-қимыл жасайтынын және т. б. түсінуге мүмкіндік беретін векторды орнатады. Шын мәнінде, біздің көз алдымызда жаңа Қазақстанның қалыптасу пайымына толық сәйкес келетін тарихи өзгерістер болып жатыр».