Президент қазақ пен қырғызды бөліп келген кедендік бекеттерді өз қолымен алып тастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент қазақ пен қырғызды бөліп келген кедендік бекеттерді өз қолымен алып тастамақ

Президент қазақ пен қырғызды бөліп келген кедендік бекеттерді өз қолымен алып тастамақ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ пен қырғызды қақ бөліп келген кедендік бекеттерді өз қолымен алып тастамақ. Сол үшін Елбасы бүгін Ыстықкөлге барды. Ертең онда Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық Одаққа кіруіне қатысты салтанатты шара өтеді. 

  • 12 Тамыз 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Президент мінген ұшақ небәрі бірнеше сағат бұрын Ыстық көлдің жағасына  келіп қонды. Ажырамас досқа айналған екі ел президенттері қызыл кілемге аяғы тимей жатып, құшақ жая амандасты. Әсіресе, Алмазбек Атамбаев аса көтеріңкі көңіл-күйін жасырмады. Енді ресми түрде екі ел арасындағы кедендік бақылау режимі алынып тасталынады. Шекарада аш ішектей созылған уақыт қысқара түсіп, ұзақ-сонар кезектер біржолата жойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар