Президент мінген ұшақ небәрі бірнеше сағат бұрын Ыстық көлдің жағасына келіп қонды. Ажырамас досқа айналған екі ел президенттері қызыл кілемге аяғы тимей жатып, құшақ жая амандасты. Әсіресе, Алмазбек Атамбаев аса көтеріңкі көңіл-күйін жасырмады. Енді ресми түрде екі ел арасындағы кедендік бақылау режимі алынып тасталынады. Шекарада аш ішектей созылған уақыт қысқара түсіп, ұзақ-сонар кезектер біржолата жойылады деп күтілуде.