Президент қазақ тілін латын әрпіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент қазақ тілін латын әрпіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Президент қазақ тілін латын әрпіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кирилден латын әрпіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды. 

  • 27 Қазан 2017
  • 1464
Фото - Caravan.kz

Жарлық Akorda.kz сайтында бүгін жарық көрді. Оның мәтінін төменде толық келтіріп отырмыз.

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;


осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.