Президент Қазақстан Халқы ассамблеяның жұмысын қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан Халқы ассамблеяның жұмысын қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынды

Президент Қазақстан Халқы ассамблеяның жұмысын қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынды

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Қазақстан Халқы ассамблеяның жұмысын қаржыландыру үшін арнайы қор құруды ұсынды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының 14-ші сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қазан 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

Президент, сондай-ақ, Ассамблея Кеңесінің екі орынбасарына қатысты ұсынысын да білдірді. Біз Ассамблеяның жергілікті жерлердегі жұмыс органдарын бірлесіп күшейтуді жалғастыра беретін боламыз, деді Елбасы осы мәселе жөнінде. Осыған орай, өңірлердегі барлық әкімдерге тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Конфессияаралық қатынастар ғылыми тұрғыда сүзгіден өткен жұмыстарды қажет етеді. Сол себепті де Ассамблея жұмысына ғалымдарды, мәдениет қызметкерлерін, зиялыларды көптеп тарту керек. Ол үшін сарапшылар кеңесін құрған жөн. Бұл қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға сеп болады. Ассамблеяның қалыпты жұмысын қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі — Ассамблея жұмысын, оның аймақтық құрылымдары мен этномәдени орталықтарын қаржыландыру болмақ.

Бұл мәселені шешудің бірнеше жолы бар, деп жалғастырды сөзін Мемлекет басшысы. Солардың бірі — қоғамдық қаржыларды тарту. Іскер жандардың тұрақтылыққа қосқан үлесі — олардың өздері үшін керек, бұл біздің болашағымызға құйылған инвестиция. Қоғамдық қаржы көздерін тарту үшін Ассамблеяның өз ішінен арнайы қор ашуымызға болады. Бұл салада біздің тәжірибеміз бар. Ол қордың жұмысы мөлдір болуы тиіс. Ал тиісті жобаларды қаржыландыру мәселесі ұжымдық түрде шешілуі керек.

Елбасы сонымен қатар, бұған дейін мемлекеттік тапсырыс негізіндегі этномәдени орталықтардың әлеуметтік жобалары қаржыландырылмай келгендігін, болашақта бұл мәселені ескеру қажеттігін де ескертті. Аталған мәселеге байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне еліміздегі ұлттық-мәдени орталықтардың жобаларын мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Ал қаржы тиісті бір мәселелерді шешуге ғана бөлінуі тиіс, деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар