Президент Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Бүгін елімізде Конституция күні аталып өтуде. Осыған орай Астанада және барлық өңірлерде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. 

  • 30 Тамыз 2017
  • 284
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын осы ұлық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Төменде құттықтаудың мәтінін толық келтіріп отырмыз:

"Қымбатты отандастар!

Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады.

Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.

Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.

Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді.

Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады.

Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілеймін!"


Айта кетейік, қазіргі Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.