“Келісімнің мақсаты — өзара ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша теңдік, сенім, стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыс принциптеріне негізделген етене жақын байланысты одан әрі нығайтуға құқықтық негіз қалау болып табылады”,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісім “тараптардың бейбітшілікті нығайту, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру, адамзатқа төнген қазіргі қауіп-қатерлер – лаңкестік, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы мен қаржылық қылмыстарға бірлесіп қарсы тұруға бағытталған ұмтылыс-талпыныстарын заңмен бекітеді”.
Сондай-ақ, келісімде “екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, бірлескен кәсіпорындар құру, өзара инвестиция салуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, екі ел аумағында кәсіпкерлік іс-қызметті дамыту” қарастырылған.
“Келісімде тараптар қоршаған ортаны ластаудың алдын алу үшін бірлескен шараларды қолдану, Каспий теңізінің экологиялық ортасын қалпына келтіру бағытындағы күш-жігерді үйлестіру, осы салада халықаралық және аймақтық бағдарламалардың жобасын жасап жүзеге асыру саласындағы ықпалдастықтың қажеттігін мойындайды”.
Келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары кезінде 2005-жылдың 24-мамырында Бакуде қол қойылған.