Президент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Сирия Араб Республикасының үкіметі арасында Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салу мен Дамаск қаласындағы Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет нысандарын дамыту бағдарламасы аясында 29 млн 600 мың теңге қарастырылған. Дамаск қаласындағы Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеуге тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру жөніндегі ююджеттік бағдарлама аясында 54 млн 200 мың теңге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар