Президент "Қазақстан Республикасындағы басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы " жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Қазақстан Республикасындағы басқару жүйесін одан әрі жетілдіру 
туралы " жарлыққа қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасындағы басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы " жарлыққа қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасындағы басқару жүйесін одан әрі жетілдіру

  • 17 Маусым 2003
  • 533
Фото - Caravan.kz

туралы » жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Жарлыққа сәйкес ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қолдау жөніндегі Агенттігі үкімет құрылымынан шығарылды.
Бұдан былай Агенттік тікелей Елбасына бағынып, Елбасына есеп беретін мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болады.
Сондай-ақ, жарлық бойынша тағы бір орталық атқарушы орган болып табылатын ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігі құрылды. Оған бұрынғы көлік және коммуникация министрлігінің құрамындағы байланыс және ақпараттандыру комитетінің құзыры берілді. Министрлік құрамындағы аталмыш комитет таратылды.
Ал инновациялық даму және 2003-2015-жылдарға есептелген республикалық индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру саласындағы функциялар мен құқық индустрия және сауда министрлігіне берілді. Сонымен бірге үкіметке, ауылшаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы комитетін құру, аталмыш жарлықты жүзеге асыруға қатысты басқа да шараларды жүзеге асыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, аталмыш жарлықпен ҚР үкіметінің құрылымына енгізілетін тиісті өзгертулер заңдастырылды.