Президент Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды

Президент Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев «елде белгілі бір топ қана шексіз билік жүргізіп отыр» дейтіндерге қарсы жауап берді. «Қазақстан аз ғана адамның ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрған мемлекет емес» деді Елбасы. 

  • 29 Тамыз 2015
  • 627
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Біздің билікті кейде автократиялық деп айыптайтынын білемін. Егер әр 4-5 жыл сайын халықтың өзі  дауыс беріп Президентті таңдаса, Парламентті сайласа, қалай Қазақстанды бір адам билеп отыр деуге болады? Біз бірден АҚШ пен Еуропа елдеріндегідей демократия орната алмаймыз. Дәстүріміз, діни, мәдени көзқарасымыз бөлек, оны да ескеру керек.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев  Конституциямыздың  20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми жиынға келген 30-ға жуық  мемлекеттің сарапшыларына Қазақстанды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды. Президент шілденің басында осы ойдың шетін шығарған еді. Және де бүгін ол соңғы 300 жылда бұл өлкеде демократия, саяси мәдениеттің мүлдем болмағанын айтты. Сондықтан шетелдік әріптестеріне Қазақстанның қазіргі жағдайын бағаламас бұрын салт-дәстүріміз бен  тарихымызға терең үңілу қажет екенін ескертті. Ал отандастарымызды Ата заңымыздың 20 жылдығымен құттықтады. Жаңа жылда ел Конституциясы өзгереді және  78 жаңа заң қабылданады екен. Ол үшін қазір Үкімет пен Парламент бас көтермей жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар