«Алдағы онжылдықта Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуға тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін біз өзара сабақтас біртұстас міндеттер кешенін шешуге тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші кезекте, «қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге лайықты ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, ол — мемлекетіміздің тұрақты әрі тиянақты дамуына қажетті алғышарттардың бірі».
Сонымен бірге президенттің айтуынша, экономика мен әлеуметтік саланы жан-жақты модернизациялау стратегиясын іске асыру, тіршілік сапасын түбегейлі көтеуге қол жеткізу қажет. «Үшіншіден, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесін модернизациялау жұмыстарын жалғастыру қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті