Президент ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент  ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Президент ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы өкілдіктерінің иммунитеті мен артықшылықтары туралы ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы арасындағы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Шiлде 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық пен өзара достық байланыстарды дамыта нығайту болып табылады.

Бұл келісімнің 3-бабына сәйкес, комиссияның өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында 1961-жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитетке ие. Сонымен бірге Еуропалық Қоғамдастық елдерінде Қазақстан өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де осымен бірдей артықшылықтар мен иммунитет беріледі.
Келісімге 1993-жылдың 2-ақпанында Брюссельде қол қойылған.

Перейти к новостям спорта