Президент құрылыс салуға шетелдіктердің үлес қосуына қойылатын шектеуді алып тастайтын заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент құрылыс салуға шетелдіктердің үлес қосуына  қойылатын шектеуді алып тастайтын заңға қол қойды

Президент құрылыс салуға шетелдіктердің үлес қосуына қойылатын шектеуді алып тастайтын заңға қол қойды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today . Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 454
Фото - Caravan.kz

Заңмен құрылыс қызметіндегі бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына шетелдік қатысушылардың үлесін 49 процентпен шектейтін нормалар алып тасталынады. Сол арқылы шетелдік жеке және заңды тұлғалардың мемлекетіміздің аумағында сәулет, құрылыс қызметін жүзеге асыруына жасалатын кедергілер жойылады.

Осыған байланысты отандық кәсіпкерлердің шетелдік құрылыс компанияларымен ынтымақтастығы артып, бәсекелестігі үшін мүмкіндіктер кеңейе түседі. Құрылыс индустриясының қажеттілігін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға да жағдай жасалатын болады. Сол секілді халықаралық талаптардың орындалуы назарға алынады. Талаптардың сақталуы республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта