Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 сәуірде Х әлеуметтік желісінде

  • 22 Сәуiр
  • 5
ФОТО: Vatican Media

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 сәуірде Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.

«Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады», – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.