Тоқаев ОСК-ға құжаттарын тапсырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президентіне үміткер ретінде ұсынды.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жанындағы лингвистикалық комиссиясының отырысы өтті. Отырыста комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілді меңгеруін тексеріп жатыр.
Лингвистикалық комиссия құрамында, Сейіт Қасқабасов, Әділ Ахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Ғарифолла Есім, Гүлтас Құрманбаева бар.
Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков алдымен президенттікке кандидатқа мемлекеттік тілден өтетін емтихан талаптарын түсіндірді.
Тоқаевқа тапсырманы комиссия хатшысы Гүлтас Құрманбаева тапсырды.
Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін президенттікке кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалуға 1 сағаттан кем емес уақыт беріледі.
Тоқаев жазбаша тапсырмада "Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері" деп жазылған билетті таңдады. Жазбаша тапсырманы орындау үшін кандидатқа 60 минут беріледі.
Айта кетсек, ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін кандидаттан:
- лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;
- лингвистикалық комиссия ұсынған қазақ әдебиетінен үш беттен ааспайтын мәтін оқытылады;
- лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.
Тоқаев ОСК-ға құжаттарын тапсырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президент
Тоқаев ОСК-ға құжаттарын тапсырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президентіне үміткер ретінде ұсынды.