Президент сайлауын өткізуге үкіметтің резервінен 3 млрд. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сайлауын өткізуге үкіметтің резервінен 3 млрд. теңге бөлінді

Президент сайлауын өткізуге үкіметтің резервінен 3 млрд. теңге бөлінді

Президент сайлауын өткізуге үкіметтің резервінен 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңесте комиссия төрағасы Оңалсын Жұмабеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 384
Фото - Caravan.kz



«Сайлауды өткізетін күнге қатысты дау-дамай ұзаққа созылуға байланысты Орталық сайлау комиссиясы 2005-жылғы бюджетке сайлауға арналған қаржыны енгізген жоқ»,- деді комиссия төрағасы. «Алайда, бұл жерде үкіметтің резерві бар екенін естен шығармау керек»,- деді ол. «Біз үкіметке шығындардың сметасын жасап ұсындық. Сөйтіп 3 млрд. теңге бөлінді»,- деді О.Жұмабеков.
Оның хабарлауынша, қоғамдық бірлестіктерден президенттікке ат ұсынушылардың сайлау қоры 248 млн. 400 мың теңгені құрайды. Соның ішінде 46 млн. теңге үміткердің өз қаржысынан, 64 млн. 400 мың теңге үміткердің атын ұсынушы ұйымдардың есебінен, 138 млн. теңгесі жеке тұлғалардың ерікті байғазылары есебінен құралуы тиіс.
Президенттікке өз бетімен ат ұсынушылардың сайлау қоры 184 млн. теңгені құрайды. Оның 46 млн. теңгесі өз қаржысы, қалғаны байғазыдан құралады.
Республикалық бюджеттен әрбір үміткерге 5,5 млн. теңге бөлінеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта