Президент "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 1050
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында сот жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Енгізілетін түзетулердің көмегімен қазіргі судьялар мен судьялық лауазымнан үміткерлерге қойылатын талап күшейтілді. Сонымен бірге заң әділеттілікке қол жеткізу сапасын, әрбір судьяның кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің жаңа құқықтық тетігі болып табылатын сот қазылар алқасын қолданысқа енгізеді. Сот қазылар алқасы Жоғарғы соттың жанынан құрылады және ол судьялардың кәсіби біліктілігі мен жұмысқа жарамдылық деңгейін анықтайды.

Сонымен бірге судьялар қоғамдастығының жауапкершілігін көтеру мен субьективизмнен құтылу үшін заң жобасы тәртіптік істерді қозғау құзыретін сот төрағаларынан судьялардың тәртіптік квалификациялық алқасына беру заңдастырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта