Президент «SsangYong» автомобилін жинайтын қазақстандық кәсіпорын жұмысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент «SsangYong» автомобилін жинайтын қазақстандық кәсіпорын жұмысымен танысты

Президент «SsangYong» автомобилін жинайтын қазақстандық кәсіпорын жұмысымен танысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні жалпыұлттық телекөпір барысында Қостанайдағы «SsangYong» автомобилін жинайтын қазақстандық кәсіпорын жұмысымен танысты.

  • 4 Шiлде 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз жаңа өндірісті іске қосып отырмыз. Бұл ТЖМ, ІІМ мен өртке қарсы күрес саласында жұмыс істейтін заманауй автомобильдер шығарады. Машиналардың бағасы қол жетерлік болады», — деді компания өкілі телекөпір барысында.

Өз кезегінде президент, бұрын Қазақстанның «әлемдік деңгейдегі жеңіл автокөлік шығару туралы ойына да кіріп шықпайтын» деп атап өтті.

«Мен Қостанай көрмесінен онда шығарылатын автокөліктердің қатарын көрдім. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен қуанышты оқиға. Шынымен де бағалары қол жетерлік. Кедендік одақ жағдайында, шекара ашық болғандықтан сіздер өнімдеріңізді 170 млн адамға сата аласыздар. Ең алдымен біздің елдің мұқтаждығы үшін қажет. Осы өндірісті дамыта түсіңіздер», — деп мемлекет басшысы атап көрсетті.

Т2,4 млрд тұратын жоба «АгромашХолдинг» АҚ базасында іске асырылып жатыр. Кәсіпорын 2011 жылы кәсіпорын қуатын 1 мың автомобиль шығарудан, 2005-ші жылға 7,5 мың автомобиль шығаруға дейін көтеруді жоспарлауда.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараттық баянында хабарланғандай, жоба мақсаты — ірі жинақтау өндірісін ұйымдастырып, оған қажет қосалқы бөлшектерді өзімізде шығарумен айналысу.

Барлық өнімді Қазақстан территориясында өндіру жоспарлануда.

«Осы жұмысқа қажет технологияларды кәрістердің автомобиль шығаратын өндірісінен трансферттеу жоспарлануда. Ол үшін кәрістердің SocietechCorporationкомпаниясымен келісім бар», — делінген ақпараттық баянда.

Соңғы жаңалықтар