Табиғи монополиялар субьектілерінің стратегиялық тауарларды сатып алуы барысында делдалдар саны мен шығындарды азайту үшін осындай тауарларды міндетті түрде өндірушілерден тікелей сатып алу ұсынылған.
Заңда заң бұзу оқиғалары мен кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы БАҚ-тар арқылы хабарлама таратуды уәкілетті органға міндеттейтін норма енгізілген.
Сонымен бірге табиғи монополиялар саласындағы іс-қызметті қадағалау мен реттеу органдарының қазіргі құрылымына өзгерістер енгізіліп, жергілікті атқарушы билік орындарының тиісті өкілеттілігі алынып тасталды.
Заңда сондай-ақ есептеу құралдары жоқ тұтынушыларды 2009-жылдың 1-қаңтарына дейін реттелетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарымен міндетті түрле қамтамасыз ету жөніндегі норма енгізілген.