Президент тапсырмасымен 17 жас ғалымға пәтер берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент тапсырмасымен 17 жас ғалымға пәтер берілді

Президент тапсырмасымен 17 жас ғалымға пәтер берілді

Бұл тізімге 40 жасқа дейінгі барлық ғалымдар кіреді.

  • 10 Ақпан
  • 12
Фото: ҚР Ғылым және білім министрлігі

Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің 17 жас ғалымына пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ғылым және білім министрілігі 2024 жылдың мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда «Ғылым ордасында» жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады.

Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтінім келіп түсті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізуде.

Жас ғалымдар санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлер құруға оң әсер етеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы 25 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алды. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.

Айта кетейік, елімізде қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру көлемі 77 млрд теңгеге дейін өсті. Бүгінде ғылыми зерттеумен айналысатын ұйымдар саны 400-ден асады. Соңғы 10 жылдықта саланың ілгерлеуіне айрықша серпін берген жаңа заң күшіне енгелі бірқатар маңызды жобаның іске асуына жол ашты.

«Қазіргі таңда қаражат бөлу мәселесі жақсы жолға қойылды. Үкімет жанындағы жоғарғы ғылыми техникалық комиссия шешімімен 2024-2026 жылдарға арналған 3 жылдық бюджеттік кодекске сәйкес, ғылымды қаржыландыру үлкен үрдіс өсім көрсетіп отыр. Қазіргі таңда бұл 703, 6 млрд теңгені құрайды», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Жайық Тоқтаров.

Бүгінде отандық  ғылым саласында 25 мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Көз майын тауысып, күш-жігерін зерттеуге сарп еткен мамандардың да қатары жыл санап артқан. Жылдық өсім 2024 жылы 20 пайызға жетіпті. Оның ішінде жастардың үлесі — 46 пайыз.

Перейти к новостям спорта