Президент тіл саясатына қатысты мәселелерге айрықша төзімділікпен қарауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент тіл саясатына қатысты мәселелерге айрықша төзімділікпен қарауға шақырды

Президент тіл саясатына қатысты мәселелерге айрықша төзімділікпен қарауға шақырды

Бүгін, 2-қыркүйекте Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тіл саясатына қатысты мәселелерге айрықша төзімділікпен қарауға шақырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 458
Фото - Caravan.kz



«Біз балаларымыздың жақсы білім игеріп шығуына жағдай жасап, жақсы оқытуға тиіспіз. Содан кейін барып қана олардан қазақ немесе орыс тілін білуді талап еткеніміз жөн. Ал әзірге біз адамдарды қазақ немесе орыс тілін білмегені үшін айыпқа бұйыра алмаймыз»,- деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанда 130 ұлт пен 45 конфессия өкілдері тұратынын еске салды. «Ұлтаралық келісім- қоғамдағы басты жетістік. Оны ешбір себеп шайқалта алуға тиіс емес»,- деді президент.
Түркістан халқына арнаған өз сөзінде Елбасы «екі күн ішінде осындағы халықтың меймандостығы мен жайдармандығына көзі жеткенін» атап өтті. «Алайда мен халықтың саны артып, экономика өскенімен, бір таң қаларлығы, жалақының төмен күйінде қалғанын аңдадым. Бұл жағдайды түбірімен өзгерту қажет»,- деді Н.Назарбаев. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қазақстанның оңтүстік өңірінде мақта кластерін құру қажеттігіне тағы бір тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта