Caravan Logo

Президент тіл тақырыбында әрқилы арандатушылық әңгімелерді доғарып, "Тілдер туралы" заң нормаларын мүлтіксіз орындауға шақырады

Президент тіл тақырыбында әрқилы арандатушылық әңгімелерді доғарып, "Тілдер туралы" заң нормаларын мүлтіксіз орындауға шақырады

"Мемлекеттік тілді дамытуға қатысты барлық мәселелерді азаматтардың құқықтарына қысым жасамай, қатаң түрде Конституцияға және заңдарға сәйкес шешу қажет. "Тілдер туралы" заң бар. Оны нақты орындау қажет", деді бүгін ол.

"Бүгін сондай-ақ тіл тақырыбында әрқилы арандатушылық әңгімелерді доғару қажеттігін атап өткім келеді. Егер кімде-кімді қазақ тілінің тағдыры шын алаңдайтын болса, ақшасын салып, нақты жобаларды жүзеге асырсын. Бұл үшін менің бастамам бойынша қазақ тілін дамыту қоры құрылды", деді мемлекет басшысы.

"Бізге қазіргі таңда тілді оқытатын тиімді әдістемелер, даярлығы жоғары мұғалімдер, жақсы кітаптар, қызықты тележобалар қажет. Бізде тіпті қазақ тіліндегі тартымды мультфильмдер де жоқ. Қазіргі таңда осы бағыттарда жұмыс істеу керек", деп қосты президент.