Президент Тоқаев дүнгендердің қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарау керектігіне баса мән берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Тоқаев дүнгендердің қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарау керектігіне баса мән берді

Президент Тоқаев дүнгендердің қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарау керектігіне баса мән берді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

  • 13 Ақпан 2020
  • 625
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдау үшін нақты тапсырма берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.


Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүңген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.

Соңғы жаңалықтар