"Жылжымайтын мүлік нарығы тауқыметтердің түйініне айнадып, оның айналасында банктер, құрылыс компаниялары мен халықтың мүдделері шоғырланды", - деді Н. Назарбаев.
"Мемлекет бұл процессте белсенді рөл атқаруға тиіс, сол себепті мен үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырамын", - деді ол.
Бірақ осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс компанияларына мемлекеттің көмегін алған соң халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуді, Алматыда бір шаршы метрдің құны 1000, ал Астанада 700-800 доллардан аспауы қажет екенін ескертті. "Онымен келіспегендерде банкроттықтан басқа жол қалмайды, мемлекеттің бұдан басқа мүмкіндігі жоқ",- деді президент.