Кездесу кезінде Қазақстанның қаржылық жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Ұлттық банк басшысы президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы, атап айтқанда инфляцияға қарсы күрес шаралары, шетелдік инвестициялар тартуды ынталандыру, сыртқы қарыздарды бақылау мәселелері жөнінде баяндады.
А.Дунаев мемлекет басшысын агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыруға бағытталған қызметі туралы хабардар етті.
— Президент қаржы институттарының алдына ел үкіметімен үйлестіріле отырып, шешімін табуы тиіс бірқатар нақты міндеттер қойды, — деді А.Сәйденов журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті