Caravan Logo

Президент Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды

Президент Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды

"Ұлттық банк еліміздегі банк жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақшамен қамтамасыз ету үшін өз желісімен бірқатар шараларды қолдануы қажет. Ұлттық банктен қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыру қажет. Ұлттық банк басшылығы екінші деңгейлі банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды төмендету мүмкіндігін ойластыруы керек. Бұл банк жүйесі үшін біраз ақшаны босатады", -деді Н. Назарбаев.

"Үкіметке даму институттары арқылы банктердің экономиканың нақты секторындағы қызметін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге қойылатын нақты талаптар мен нақты тетіктерді мұқият дәйектеуді тапсырамын. Ауыртпалық активтері қорын тездетіп іске қосу қажет. Мемлекттік органдар игере алмаған қаржыны аталған қордың капиталын құруға бағыттау керек. 2008-2009 жылдары осы құрылымды қаржыландыруға $1 млрд кем емес қаржы жұмсалады деп жоспарланғаны белгілі", - деді Н. Назарбаев.