Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жезқазғанда Тоқаевты екі бірдей әкім — Ұлытау және Қарағанды облыстарының басшылары Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Сапар барысында жаңадан құрылған облыстың әкімі мемлекет басшысына Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жоспарымен таныстырады.
Ал түстен кейін Тоқаев Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.