«Мен бұл бағдарлама өте татымды нәтиже берді, деп санаймын»,- деді бүгін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде сөз сөйлеген президент.
«Өткен үш жылда еліміздің мәдени мұрасын зерделеудің, маңызды тарихи-мәдени, сәулетті ескерткіштерді қайта жаңғыртудың тұтастай жүйесін құруға қатысы үлкен жұмыс атқарылды»,- деп атап өтті Елбасы.
«Мәдени мұра» бағдарламасы тек ТМД елдерінде ғана емес, дүниежүзілік қауымдастық шеңберінде де жоғары бағаға ие болды. 2006 жылдың сәуірінде Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде оның тұсаукесері сәтті өтті»,- деді Н. Назарбаев.
Оның сөзіне сүйенсек, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 2,7 млрд теңге бөлінген.
«Мәдени мұра» бағдарламасы тек пайдакүнемдікті көздеп немесе біздің тарихи-мәдени мұраларымызды қайта қалпына келтірумен шектеліп қана қоймайды. Оның негізгі көздегені — қоғамдық сананың позитивті алға басуына қол жеткізу, және осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық жалпы мемлекеттік мәнге ие»,- атап көрсетті Н. Назарбаев. «Әңгіме біздің ұлтымыздың маңызды рухани негіздерінің бірі болып табылатын, ұлттың тарихи санасының шегін кеңейту мен оның алатын ролін күшейту туралы болып отыр», — деп түсіндіріп өтті ол.
«Сонымен қатар, бағдарлама ұлттық сана-сезімді және де бірегейлікті нығайту мен қалыптастыруға байланысты сұрақтардың жауабы болып отыр. Тарихи-мәдени мұраның жаһандану дәуірінде бірегейлікті сақтап қалу бастысы, оны сақтай алмаған жағдайда жаһанданған әлемде тағы да адасып қалу қаупіміз бар»,- деді президент.
Елбасының пікірінше, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ «қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетін зерделеуге деген қызығушылығын арттыруда да үлкен маңызға» ие болды. «Мәдение мұраны иемдену — бұл халықтың тарихи жадысының негізі, онсыз өз кезегінде шынайы отансүйгіштік деген болмайды»,- деп атап өтті ол. «Біз бүгінде қолымыздағы тарихи мәдени тұғырдың азаматталықтың, патриоттық құндылықтардың өсуіне нақты себепші болатындығын растайтын жаппай танымдағы маңызды өзгерістерді байқай аламыз»,- деп қосты Н. Назарбаев.
«Бағдарламаның біздің көп ұлтты еліміздегі ұлттар арасындағы өзара түсіністік, ұлт арасындағы үйлесімділік тұрғыдан алып қарағандағы әлеуетін атап өтпеуге болмайды»,- деді президент. «Мен қазақ ұлтының бай тарихи жолын, оның мәдениетінің Қазақстанның басқа халқынан өзгешелігін тану және сонымен біруақытта қарқынды өзара этномәдени алмасулар — бұл өзара төзімділік, бір-біріне деген сыйластық пен сенімді нығайтудағы ең игілікті және тиімді жол екендігіне сенімдімін»,- деді ол.
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асыру барысында 35 тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 30 көне қала , қорым, қоныс пен қорғандарға маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасында, Түркия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Батыс Еуропа елдерінде ғылыми-іздеу жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде Қазақстан тарихына, этнографиясы мен көркемөнеріне қатысты 5 мыңға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылып, елге әкелінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті